26 қаңтар күні Жаңақорған ауданы №1 кенттік кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» жоба аясында «Туған жерім құтты мекенім» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Отанын туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата- бабаларымыздың өнеге етіп, қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелді кітапханашы Әсем Сағатқызы жүргізіп, туған жеріміздің тарихына тоқталып, оқушылармен бірге туған өлкеміздің ақын, жазушылары мен еңбек сіңірген қайраткерлеріміздің ерең еңбектерін және ауданымыздың көрікті жерлері жайлы терең талқылады. Оқушылар жерлес ақындардың туған жерге арнаған өлеңдерін оқыды. №289 мектептің кітапханашысы Нұрмахан Ақниет «Жер тану» атты тақырыбында бейнеролик арқылы сұрақ-жауап ойынын ұйымдастырды. Кітапханашы «Туған жерім құтты мекенім» атты көрмемен таныстырып, ата- бабамыздың салып кеткен сара жолдарына тереңірек тоқталды. Сондай-ақ көрмеге «Жаңарған Жаңақорған», «Қарттарым асыл қазынам», Т.Асанованың «Туған жер», Ж.Амановтың «Қаратаудың Қараманы», Е.Оразбековтың «Құт қонған — Қыркеңсе», зейнеткер Ф.Сахиевтың «Келешегі кемел аудан», тілші Қ.Абдуовтың «Ауыл атауының ақиқаты», «Жаңақорған» атты кітаптар мен ауданымыздың қоғам және мемлекет қайраткерлерінің суреттері қойылды. Дөңгелек үстел қыздарымыздың орындауында сазгер Б. Байкенжеевтың «Гүлденген Жаңақорған» әнімен қортындыланды. Шараға 23 адам қатысты.