23 сәуір – ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДАҒЫ РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫНДА ТОЙЛАНДЫ

24.04.2025 Выкл. Автор admin
23 сәуір – ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДАҒЫ РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫНДА ТОЙЛАНДЫ

Ел Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев: “Кітап оқитын ел ғана зиялы ұлтқа айналады”  деп Ұлттық құрылтай отырысында қазақ еліне өзінің үндеуін жасаған болатын. Осы орайда  Руханият орталығындағы Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен “КІТАП-МӘҢГІЛІК ҚАЗЫНА”  атты кітап фестивалі болып өтті. “КІТАП-мәңгілік елдің құндылығы” атты кітап көрмесі жасақталып, таныстырылды.

Фестивальге ауданымыздың ақындары, зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары, кітапханашылар және оқушылар мен студенттер қатысты.

Фестивальді аудан әкімінің орынбасары Б. Нуридинов ашып, кітапхана қорын өз кітаптарымен толықтырып жүрген және кітап жанашырлары ақын-жазушыларды және кітапханада өткен іс-шараларға белсенді қатысып жүрген ұстаздар қауымын марапаттап, алғыс білдірді.

“Кітап-ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына”  деп ойшыл Әлішер Науаи айтпақшы, расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны ерекше екендігінің дәлелі ретінде кітап кейіпкерлерлі атап айтар болсақ Қамар сұлу, Ұлпан, Қыз Жібек және Зере әжеміздің бейнесімен  кітапханашылар ортаға шығып көрерменге ерекше толғаныс сыйлады.

Кітапхана жанашырлары, ауданымыздың ақын-жазушыларын қошеметпен ортаға шақырып, құрмет көрсетілді.  Атап айтар болсақ Искакова Күлан Байшаханқызы-Жазушы Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР ҚК запастағы полковнигі, Жаңақорған ауданынының Құрметті азаматы Базарбай Исаевтың жары;

Ермахан Төреқожаев – ардагер ұстаз, бірнеше кітаптардың авторы;

Мадияр Оспанов – ақын, Әлем Халықтары Жазушылар Одағының мүшесі.

Фестиваль жалғасын “Шәкәрім оқулары” Республикалық  байқаудың жүлдегері,  кітапхананың белсенді оқырманы Оразбек Бақдәулет  Шәкәрімнің “Қос жұртым”  өлеңін нақышына келтіре оқып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. 

Жазушы Ж. Таңырықбаевтың “Өмірдің өз шындығы” прозасынан үзіндіні  аудандық байқаудың жеңімпазы Жақсылық Нұрайым орындады. Кеш қонақтарына сөз беріліп жүрек жарды лебіздерін білдірді.

Аудандық балалар кітапханасының жас оқырмандары “Құпия кітап”  биін билесе “Әжем айтқан ертегі”  атты әнді кітапханамыздың кішкентай оқырмандары егіз қызымыз Бақытжанқызы Інжу мен Маржан орындап көрермендердің қошеметіне бөленді.

Оқырманға орда кілтін ашатын,

Саналарға сәулелі нұр шашатын.

Дамыл таппай қызмет етер қашан да,

Кітапханашыларымыз жасасын, дей келе мерекелік шарамызды кітапханашы

Ұ. Молдабекованың “Кітапханашылар”  әнімен аяқтап, көрермен қауымға алғыс айтылды.

 

https://www.facebook.com/share/v/18s7GWjhN3/