АДАЛ АДАМ
04.02.2025
Түгіскен ауылдық кітапханасында 2024 жылдың 4 ақпан күні клуб, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «АДАЛ АДАМ» мәдени- тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем – ВООК» жобасы аясында ақын Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жүрегі жырдан жаралған» тақырыбында поэзия сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихааттау, оның шығармалары жайлы ақпарат бере отырып, жас ұрпақты Отансүйгіштікке,елжандылыққа,адалдыққа.адамгершілікке тәрбиелеу.
Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиевтың өмір жолы мен шығармашылық еңбектерімен таныстырды.Оқырмандар Әбілқасым Аруна,Исамидін Қожахмет,Тайыр Аружан,Талғатқызы Рабиға,Қаршыға Бақдәулеттер Т.Молдағалиевтің «Бақытты бол,қазағым», «Балдырғанға жазыл балам», «Борыш» «Біздің Ту», «Ана», «Домбыра» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.Клуб үйінің қызметкері Г.Шермағанбетова ұлттық поэзиямызды әлемдік биікке көтерген қазақтың біртуар ақыны жайлы естеліктер айтып,оның көптеген өлеңдеріне сазгерлер ән жазғаны жайлы, оның ішінде «Құстар қайтып барады»әнінің тарихына тоқталып,әннен үзінді айтып берді.Шара барысында кітапханашы А.Көшербаев оқырмандарға «Жүрегі жырдан жаралған» тақырыбында жасалған кітап көрмесімен таныстырды.Поэзия сағаты кітапхана жанынан құрылған «Әлем – ВООК» қызығушылар клубы мүшелерін қатысуымен өтті. Артында өлшеусіз мол рухани мұра қалдырған ақын қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.Шараға 19 адам қатысты.

