Татулық пен Бірліктің кепілі – Ассамблея
26.02.2025
2025 жылдың 26-ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай, елімізде тұрып жатқан әр ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу мақсатында Руханият орталығында Жаңақорған аудандық А. Сопыбеков атындағы кітапханада «Татулық пен Бірліктің кепілі – Ассамблея» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш болып өтті. Кешті кітапханашы М. Кадирбергенова жүргізіп, кент төңірегіндегі өзге ұлт өкілдері қатысып, №169 Н. Илялетдинов атындағы орта мектептің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Әдеби музыкалық кешті Қызылорда облысының ішкі саясат «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жаңақорған ауданы бойынша этнос аралық қатынастар жөніндегі сарапшы Асхат Серікұлына беріліп этнос өкілдерін мерекелерімен құттықтап, Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері, Б. Байкенжеев өнер мектебінің жетекшісі Әбсұлтан Байкенжеев әнмен шашу шашып көрермендер көңілін көтеріп қойды. Кеш соңында өнер көрсеткен жастарға Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров ерекше ыстық ықыласын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

