Жұмысшы мамандықтар жылы
27.02.2025
2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялануы – ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын маңызды қадам. Бұл шешім жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, қоғамда олардың маңызын түсіндіру және осы саланы қолдау мақсатында қолға алынып отыр. Жұмысшы мамандықтар – экономиканың негізін құрайтын, елдің өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын қамтамасыз ететін кәсіптер.
Осы орайда 2025 жылдың 27 ақпан күні А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында Жаңа-ауыл тұрғыны ағаш шебері, ұста Данияр Ахметовпен сыр-сұхбат өткізілді.
Мақсаты: жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, олардың беделін арттыру, белгілі бір кәсіптің ерекшеліктерімен және еңбек жағдайларымен таныстыру арқылы жұмысшы мамандықтарын насихаттау.
https://www.facebook.com/100013770165823/videos/1122626082993594/

