«Шақан шері» шығармасын талдау

28.02.2025 Выкл. Автор editor
«Шақан шері» шығармасын талдау

2025 жылы 28 ақпан күні Қазақстанның халық жазушысы, тарихшы, филология ғылымдарының докторы, публицист, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Әлем ВООК» мүшелерінің, атап айтсақ №56 қазақ мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Роза Басқожаева, №3 мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.Баймаханова, №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі С.Алшынбекова және №51 М.Қаратаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Бейсенбековалардың қатысуымен «Шақан шері» шығармасын талдау болып өтті.

Талдау барысында шығармадағы оқиғаның дамуы, шарықтау шегі, оқиғаның шешілуі жайлы талқыланды. Шараға қатысқан №289 орта мектептің 7 сынып оқушылары талдау барысында керемет әсер алып, өз ойларымен бөлісті.

Мақсаты: М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. «Шақан шері» шығармасының мазмұнын меңгерте отырып, әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.