Адам жанының суреткері
18.02.2025
18 ақпан күні Жаңақорған ауданы №1 кенттік кітапханасы №56 орта мектептің 6 «А» сынып оқушыларының және кітапханашы Н. Тілеубергенованың қатысуы мен халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Адам жанының суреткері» атты поэзия кешін ұйымдастырды. Мақсаты: ақынның қаламынан туған туғыры биік туындылар мен ел жадынан өшпейтін естеліктерді өскелең ұрпаққа насихаттау.
Кешті мектеп кітапханашысы Набат Тілеубергенова ашып берді. №1 кент кітапханашысы Ұ.Молдабекова шараны жүргізіп «Туған жер мен ұлттық рух», «Махаббат пен сезім», «Қадыр Мырзалиевтың мұрасы» атты 3 бөлімді қамтыды. Сынып оқушылары Ә.Төлеу, Г.Хамидолла, Р. Жарқынбай, Н. Жаманкулов, А. Қожамұрат «Туған жердің ауасы», «Отан», «менің Отаным Қазақстан», «Махаббат пен сезім», «Ұлы махаббат», «Мың жұлдызы болса да», «Александр дюма дәне астархан алабы» атты өлеңдерін жатқа айтты. Сондай-ақ Ақынның өмірі мне шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп және ақын жайлы сұрақ жауап ойын ойнатылды. Кітапханашы «Зерделі жырдың зергері» атты кітап көрмемен таныстырды. Кеш ақынның «Атамекен» әнімен қортындыланды. Кеш соңы естелік суретке түсуге ұласты. Шараға 18 адам қатысты.

