Ауғанстан асуында от кешкендер

14.02.2025 Выкл. Автор editor
Ауғанстан асуында от кешкендер

Түгіскен ауылдық клуб үйінде 2025 жылдың 14 ақпан күні Аққорған ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен ауылдық кітапхана , клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 15 ақпан Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай Ауғанстан асуында от кешкендер» атты Ауған соғысының ардагері Сайфназаров Аюпхан ағамызбен кездесу кеші өтті.

Мақсаты : Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Олардың ерлік жолдарын жас ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау. Жастарды Отансүйгіштікке, елжандылыққа, туған жерін, елін қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Кешті клуб үйінің қызметкері М.Жексенбаев жүргізді. Кездесу кешінің қадірлі қонақғы Сайфназаров Аюпхан ағамыз арнайы белгіленген орынға жайғасты. Шара барысында «Менің Қазақстаным» гимны орындалды.Ауылдық кітапхананың меңгерушісі А.Көшербаев шараны ашып,ауыл әкімі С.Туғанбаевтың құттықтау хаты мен арнайы сыйлығын табыстап, құттықтау тілегін білдірді. Ә.Әбутәліпов атындағы № 209 орта мектептің 10 сынып оқушысы Шанияр Ақтілек «Монолог» оқыды..Оқушылар Қожабекова Айша мен мен Талғатқызы Алтынайлар ардагер ағаларға арнап өлең жолдарын оқыды.

№ 209 орта мектептің 7 сынып оқушылары «Қазақ қыздары» биін оаһрындады. Оқушылар ардагер ағаға өздері дайындаған сұрақтарын қойды. Аюпхан ағамыз әрбір қойылған сұрақтарға мұқият жауап берді. Клуб үйінің қызметкерлері М.Жексенбаев пен Л.Қожабаевалар «Жақсы адамдар азаймасын» әнін орындады. Ауған соғысының ардагері  Аюпхан ағаларға арнайы сөз кезегі беріліп, кешті ұйымдастырушыларға өзінің алғысын білдірді.Шара барысында кітапханашы А.Көшербаев оқырмандарға «Ауғанстан жүректегі жара» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кешті әнші Л.Қожабаева «Перзент парызы» әнімен аяқтады.Шараға 41 адам қатысты.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid033bM4X56yKFYidErM4iknF9yXKwocHoQAXD9ZvKyDtFTbwgrqPPjfTriZFz8v8crUl&id=100013604642661&__cft__[0]=AZVqTOegTZFR72DHRlwLSjKuFWQ16LNfZ-KY2V-56wFJS1SUM91lqOOo7ILwjIcgNzxo2tkA-vvgsTGqv-OBS-gozidr9LFUxTQvOgYX0-3U_77oyPN3kexqmO6zCUTJGgg&__tn__=%2CO%2CP-R