Адал азамат – адал еңбек

21.02.2025 Выкл. Автор editor
Адал азамат – адал еңбек

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 21 ақпан күні мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2025 жылды  «Жұмысшы мамандығы жылы» деп жариялауына орай «Адал азамат – адал еңбек» тақырыбында ауылымыздың азаматы жұмысшы Қасқырбаев Бауыржанмен кездесу кеші өтті.

Мақсаты: жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулу, адалдық,      еңбекқорлық, адал табыс ұғымдарын түсіндіру, әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын жауапты азамат болудың маңыздылығын талқылау және еңбек адамын дәріптеу.

Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, ауылымыздың азаматы Қасқырбаев Бауыржан ағамыздың өмірбаяны, еңбек жолы туралы мағлұмат беріп өтті. Бауыржан ағамыз көп жылдардан бері ауыл әкімдігі мекемесінде жұмысшы болып қызмет атқарады. Ауылымыздың көптеген көрнекті жерлеріне ағаш отырғызып, барлығы қазіргі уақытта жайқалып өсіп тұр. Жұмыстан тыс уақытта атқаратын жұмысы аяқ киім жөндеу шебері. Халыққа отыз жылдан бері қалтқысыз қызмет жасап келеді.Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда: «Адал еңбек етіп,адал табыс тапқпн адам жетістікке жетеді,құрметке ие болады»,деп атап өткен болатын. Бауыржан ағамыз өзінің еңбекқорлығымен қандай құрметке болса да лайықты. Шара барысында кешіміздің қонағы өзіне қойылған сұрақтарға жақсы жауабын берді.№ 209 мектептің 7а сынып оқушысы Яхияхан Балзия «Ардақты ағаларға» өлеңін жатқа оқыды. Клуб үйінің қызметкері Л.Қожабаева «Алғыс» әнін орындаса, Түгіскен балалар өнер мектебінің мұғалімі С.Әлмахан «Ерке сылқым» күйін орындады. Кітапханашы А.Кошербаев кеш қонағына арнайы сыйлық табыс етті.Шараға 15 адам қатысты.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02yLeMgMuzghJkNsqsuiFCxZTkLughvTVUFpA4AXTp17kZdR6Sfa12jsoBGoxuhyHyl&id=100013604642661&__cft__[0]=AZUwwgQZv-BJgHRvHO80ArimSeGCc2uV-E2spVcTPmoPDIR3xGm4c94c9HoLOTygTik12KTScGTt_yGcYpjbN2FdV5ScgfQNXgFtjIN9vHLjI9LmywiFldi97UNI2cS52k6_LRPWC1ApMfbLi3DmJopYa2VlZWBpEBFJhyAI3nSWIEYAX72uGNcBCmcgEvceM8E&__tn__=%2CO%2CP-R