Мен сені сүйем өмір
06.03.2025
Түгіскен ауылдық клуб үйінде ауылдық клуб үйінде 2025 жылдың 6 наурыз күні ауыл әкімдігінің қолдауымен ауылдық клуб, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, ауыл өнерпаздарының қатысуымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әнші А.Есбосыновтың «Мен сені сүйем өмір» атты қайырымдылық концерті мен «Әлемнің сыйы әйелге» тақырыбында көп балалы батыр аналармен кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Әлемнің жарығын сыйлаған көп балалы аналарымызға құрмет көрсету. Жастарымызға ақ жаулықты аналарды қастерлеуге, қыз баласын сыйлауды, құрметтеуді, ана еңбегін қадірлеуді үйрету.
Кешті клуб үйінің қызметкері М.Жексенбаев жүргізді. Сахна шымылдығы «Қарлығаш» би тобының «Сылқым қыздар» биімен ашылды. Ауыл әкімінің міндетін атқарушы Қ.Көшербаев көп балалы аналарды төл мерекелерімен құттықтап,шараны ашып берді. Әнші Азамат Есбосынов «Мен сіздерді жақсы көремін» әнін орындады. Кітапханамыздың «Жалын» қызығушылар клубының мүшелері К.Айтөре, Ә.Әбдісадық, А.Қожабековалар «Ана» туралы өлеңдерді жатқа оқыды. «Әз-әжелер» ансамбльі «Жолыққан қандай жақсы» әнін орындады. «Алтын жүрек» аналар ансамбльі халық әні «Гүлдерайым» әнін тебіренте орындады.Түгіскен балалар өнер мектебінің домбырашылары Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым»күйін ,М.Жексенбаев «Аман ба?» әнін орындап, көрермен көзайымына айналды. Кеш соңында Қ.Көшербаев әнші Азамат Құрманбекұлын алғыс хатпен марапаттады. Кешке 127 адам қатысты.

