Көкпар

28.02.2025 Выкл. Автор editor
Көкпар

Байкенже ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясына орай Тәкен Әлімқұловтың «Көкпар» атты әңгімесіне талдау өткізілді.

Шараға №193 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатыстырылды.

Мақсаты: Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыра отырып, ұлттық рухты, мәдениетті насихаттау.

Шарада жазушының шығармалары терең талқыланып, оқырмандарға қаламгердің өмірі мен шығармалары туралы, әдебиетке қосқан үлесі  баяндалды. Т. Әлімқұловтың «Көкпар» атты әңгімесін талдау барысында   көкпар ойыны қандай символдық мәнге ие екендігі, ойындағы жеңіс пен жеңіліс, көкпаршының мінезі мен ерлігі, әділетсіздікке  қарсы тұру жайлы оқырмандар пікірлесіп ой бөлісті. Әңгімеде әр оқырман өзіне тән терең ой тастап, өз көзқарастарын білдіріп отырды. Шара  соңында «Қазақ жырының тұңғиығы» атты кітап көрмесі  таныстырылды. https://www.facebook.com/photo/?fbid=2363786070660788&set=pcb.2363786750660720&locale=ru_RU