Ана гүл, ана өмір шуағы
06.03.2025
2025 жылдың 6 наурызында Өзгент ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана гүл, ана өмір шуағы» атты батыр аналармен кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты: Ана деген атқа кір келтірмеу, ананы құрметтеп сыйлау,ананың қадірін тірі кезінде білуге тәрбиелеу.
Мерекелік кешті ауыл әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жакудаев Еркебұлан аналарымызды төл мерекелерімен құттықтап, сый-сыйапат жасады. Батырханұлы Қуандық «Ханшайым», Дулатбаева Айгүл «Қос бәйтерегім», Юнусова Бағдат «Ананың қадірін біл», Қалилаева Айгерім «Мама» әндірін орындаса, ауылдық клуб үйінің қызметкерлері «Тақиялы періште» көрнісін қойып өнерлерін көрсетті.

