Тұманбай оқулары

14.03.2025 Выкл. Автор editor
Тұманбай оқулары

2025 жылдың 14 наурыз күні Руханият орталығында Жаңақорған аудандық А.Сопыбеков атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруыменен қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосқан аса көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Тұманбай оқулары» аудандық байқауы өткізілді.

Жауһар жырларын ұрпаққа өнеге ету, мол мұрасы арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлең құдіреті арқылы өскелең ұрпаққа ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген байқауға кенттегі он мектеп қатысып, нәтижесінде бас жүлде иегері №163 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Талғат Айшабибі,  жетекшісі – Шерова Несіпкүл, 1орын №286 орта мектептің 9 сынып оқушысы Юсупова Назым, жетекшісі – Шерімбетова Салтанат, 2 орын №293орта мектептің 8 сынып оқушысы Жанәділ Жауһар, жетекшісі – Мұхамбетқали Жұлдызай, 3 орын Асхан атындағы «Зерек» мектебінің оқушысы Ыбырай Еркежан, жетекшісі – Әбдіқадыр Мағжан. Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

https://www.facebook.com/share/p/1ETgop5Zcy/