Теңіздей терең талантты ақын Тұманбай
13.03.2025
13 наурыз күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №169 Н.Илялетдинов атындағы мектеп кітапханашысы Оспанова Ақбота мен бірлесе 6-сынып оқушыларымен Қазақтың халық жазушысы, ақын Молдағалиев Тұманбайдың туғанына 90 жыл толуына орай «Теңіздей терең талантты ақын Тұманбай» атты әдеби кеш өткізілді.
Шара барысында кеш қонақтары балалар кітапханасының кітапханашылары Ерғарақызы Жұлдыз бен Айнұр Саттарқызы және мектеп кітапханашысы Оспанова Ақбота сөз алып кешімізді ашып, ары қарай балалар ақынның өлең шумақтарын айтып өтті. Оқушылар ақынның шығармаларына шолу жасап, кітапханашы Айнұ Саттарқызы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған « Қазақ поэзиясының сыршылы» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.
Кеш соңында балалар ақынның өлеңдеріне талдау жасап, ақынның 25 жыл еңбек еткен Балдырған журналы жайлы қызықты деректермен бөлісіп, ақынның «Балдырғанға жазыл балам» атты өлеңімен шарамызды аяқтадық.
Шараға 22 оқырман қатысты.

