Қара сөздерің – қасиет тұнған тұмарым
26.03.2025
2025 жылдың 26 наурыз күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен “Әлем – BООK” жобасы аясында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қара сөздерің – қасиет тұнған тұмарым”» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Мақсаты: ақынның шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасына құрмет көрсету және оның өлеңдеріне деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру.
Шара барысында ақын, кітапхананың тұрақты оқырманы, клуб қызметкері М.Оспанов Тұманбай Молдағалиевтың қазақ поэзиясына қосқан үлесі жайында ой бөлісіп, арнау өлеңін оқыды. “Тұманбай жыры – өшпес мұра” атты презентация ұйымдастырылып, лирик ақын Тұманбай Молдағалиевтың өмір жолдары мен шығармашылық еңбегі таныстырылды. Оқушыларымыз ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Бірлік ауылдық клуб үйінің өнерпаздары ақын сөзіне жазылған әндерді орындады. Қатысқандар саны:21
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2415233795504230&set=pcb.2415233822170894

