Маржан жырдың мәртебелі дегдары

28.03.2025 Выкл. Автор editor
Маржан жырдың мәртебелі дегдары

2025 жылдың 28 наурыз  күні  ақын Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Маржан жырдың мәртебелі дегдары” атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: тума талант, дарынды ақын, шайыр Қуандық Шаңғытбаевтың өмірі мен шығармашылығынан жан-жақты мағлұмат беру, оқушыларды ақын өлеңдерін сүйіп оқуға қызығушылығын арттыру, ақын шығармалары арқылы туған ел мен жерді сүюге баулу.

Іс-шараға №7″Қызғалдақ” бөбекжайының меңгерушісі Г.Момынханова, балабақша тәрбиешілері мен тұрақты оқырмандар қатысты. Шара барысында қаламгердің өнегелі өмірінен сыр шертетін қызықты деректер айтылып, ақынның әртүрлі тақырыпқа жазған өлеңдері оқылды. Сондай-ақ «Өмірім… Өрнектелсін өлеңіммен…» атты презентация оқырман назарына ұсынылып, арнайы жасақталған ” Жырлаймын туған жерді мен…” атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Қатысқандар саны: 20

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2417157035311906&set=pcb.2417157101978566