Туған өлкем – Түгіскенім
14.03.2025
Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 14 наурыз күні «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Туған өлкем – Түгіскенім» тақырыбында әдеби – сазды кеш өтті.
Мақсаты : әрбір азаматты туған өлкесін, оның тарихын, байлығын, табиғатын қадірлеуге, еліміздің көркеюіне еңбек етуге шақыру. Оқушыларда кітап оқу арқылы адалдыққа, адамгершілікке, елжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, туған жеріміз «Түгіскен» туралы, тарихы, табиғаты, халықтың егін шаруашылығымен айналысуы жайлы мәліметтер беріп өтті. Клуб үйінің қызметкері М.Жексенбаев ауылымыздың құрылуы жайлы естеліктермен бөлісіп шараны ашып берді. Клуб үйінің қызметкері Л.Қожабаева «Ауылым» әнін орындады. Кешке Ә.Әбутәліпов атындағы №209 орта мектебінің 7 а сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Қайрат Аяла, Сексенбай Нұрайна,Абибулла Парасаттар «Туған жер», «Аққорған», «Сағыныш», «Ақ күрішім, ақ алтын» өлеңдерін жатқа оқыды. Кеш қонағы Д.Абуталипов ауылымыз жайлы, Кеңес Одағының Батыры Әнуар Әбутәліпов, «Еңбек даңқы» орденінің иегері Әлиасқар Сұлтанов, Социалистік Еңбек Ері Қадір Тағаев, Сердалы Құрымбеков, Нақып Ержанов сынды біртуар азаматтар жайлы естеліктер айтты. Кітапханашы А.Көшербаев «Туған жер» әнін орындады. Шара барысында кітапханашы «Туған өлкем, қандай көркем!» тақырыбында жасалған кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырды. Шараға 19 адам қатысты.

