Көрісу күні – Амал мерекесі
14.03.2025
2025 жылдың 14 наурыз күні Руханият орталығында Жаңақорған аудандық А.Сопыбеков атындағы кітапханада Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Асхан атындағы «Зерек» мектебінің бірлесе «Көрісу күні – Амал мерекесі» күніне орай «Наурыз-думан» атты әдеби музыкалық кеш болып өтті.
Кешті мың бұралған бишілер ашып беріп, Жаңақорған аудандық кітапхананың директоры сөз сөйлеп, Наурыз мейрамының мән-маңызы туралы айтылды. Қатысушыларға осы мерекенің әрбір қазақ отбасы үшін үлкен маңызға ие екенін ескертіп, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтап, жастарға жеткізудің қажеттілігі туралы пікірлер білдірді.
Шарада ақындардың өлеңдері мен ұлттық әдебиет үлгілері оқылды. Наурыздың философиялық және мәдени мәні туралы ақындар мен жазушылардың шығармалары таныстырылды. Қатысушылар Наурыз туралы өлеңдер, халық ауыз әдебиетінен үзінділер тыңдап, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы кеңінен мағлұмат алды.
Өнерпаздар Наурызға арналған әндер мен күйлерді орындады. Қатысушылардың көңілін көтерген халық әндері, дәстүрлі күйлер кешті ерекше әсерлі етті. Әлшекей өнер мектебінің өнерпаздары ұлттық аспаптарда күй орындап, қазақ халқының музыкасының байлығы мен тереңдігін көрсетті.
Мақсаты: ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамнын байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/share/v/16657bKPUy/

