Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр
16.03.2025
16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне байланысты Байкенже ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен клуб үйінде «Наурызым-дәстүрлі ізгілігім» атты тақырыпта ұлттық тағылымдық кеш өткізілді. Наурыз мейрамы қарсаңында адамдар бір-бірінен амандық сұрасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге сәлем беріп, ілтипат беретін дәстүрлі мереке екендігі баяндалып, шара «Армысың ағайын» атты көрініспен бастау алды. Шара барысында «Елге сәлем», «Туған жер» аты әндер шырқалып, «Қазақ биі» атты мың бұралған бишілеріміздің биімен жалғасты, қазақтың салт-дәстүрі «Тұсау кесер» ұйымдастырылып кішкентай бүлдіршініміздің тұсауы кесілді. «Батаменен ел көгерер» деп ауылымыздың қариясы Серкінбайұлы Балтабай атамыздан бата сұрап батасын алдық. Қариямызға сый құрмет көрсетілді. Шара соңында қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2377627679276627&set=pcb.2377630642609664

