Наурызға тарту
15.03.2025
15 наурыз күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай “Наурызға тарту” кітап сыйлау жәрмеңкесі өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды бір-бірімен жолықтыру және кітаптарымен өзара алмасу, жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, қағаз кітап әрқашан құнды сыйлық болып қала беретінін ұғындыру, өзара сыйластықты қалыптастыру. Кеш қонақтары ақын, жазушы, Жаңақорған кентінің құрметті азаматы Файзулла Сахиев пен №255 негізгі орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Кенжебек Садыбаев және Ө.Жұмаділла атындағы жеке мектептің 3 – сынып оқушылары мен жетекшісі Әйгерім Сейдакбар балалар кітапханасының меңгерушісі Мейрамкүл Бейбітқызына өздерінің кітап қорындағы кітаптарын сыйға тарту етті. Ақын Ф.Сахиев балаларға арнап жазылған өлеңдерін оқып беріп, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Балалар кітапханасының меңгерушісі М.Жиенбаева «Кiтап – жақсы дос, рухани азық. Сондықтан да бiр-бiрiмiзге сүйіспеншілікпен кітаптар сыйлайык» деп, шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, шараны қорытындылады. Шараға 18 адам қатысты.

