Ғасырлар ғұрпының жалғасы әз -Наурыз
17.03.2025
17 наурыз күні Екпінді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Наурызнама онкүндік аясында Шаңырақ күніне орай “Ғасырлар ғұрпының жалғасы әз -Наурыз” атты отбасылық байқау болып өтті. Отбасылар қатысып өзін таныстыру, сұрақ жауап, жыр айтып, ән салу, ұлттық тағамдар ұсынылды.
«Ұлттық тағамдар дайындау» кезеңі: Әр отбасы тағамдарын даярлап, оның құрамындағы ингредиенттер мен дайындалу тәсілдерін таныстырды. Байқау кезінде жиналған қонақтар мен сарапшылар әр отбасының дайындаған тағамдарын сынап, дәмін бағалады.
- «Сұрақ-жауап» кезеңі: Отбасылар сұрақ-жауап кезеңінде Наурыз мерекесінің маңызы мен ұлттық құндылықтарды терең түсінуге, сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.
- «Жыр айтып, ән салу» кезеңі: Әр отбасы Наурыз мерекесіне арналған өлеңдер, әндер мен күйлер орындады. Бұл кезең отбасылық өнерді көрсетуге арналды, қатысушылардың өнеріне жоғары бағалар берілді.
Кеш соңында байқаудың жеңімпаздары анықталды. Әрбір отбасы марапатталды. «Ғасырлар ғұрпының жалғасы әз-Наурыз» атты отбасылық байқауы өте тартымды әрі қызықты өтті. Отбасылар Наурыздың ұлттық дәстүрлерін көрсету арқылы өзара ынтымақ пен бірлікті сезінді. Шара барысында қатысушылардың мәдениетке, өнерге деген құрметі артты және мереке жоғары деңгейде өтті.
https://www.facebook.com/share/p/1DxK4xwDo4/

