Наурыз – құт-береке бастауы
19.03.2025
19 наурызы күні Бесарық ауылында шуақты көктемнің келгенін, табиғаттың жаңарғанын, жаңа жылдың басталуын білдіретін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай«Наурыз – құт-береке бастауы» атты мерекелік кеш болып өтті. Аталмыш мерекені ашып берген аудан әкімі Мажит Самитов ауыл тұрғындарына өзінің ыстық лебізін білдіріп, наурыз мерекесін ұйымдастырушыларға және өзінің белсенділігімен көзге түсіп жүрген әр түрлі сала қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Мерекелік шарада қазақы киіз үйлер тігіліп, ас беріліп, ауыл тұрғындары «Наурыз көжеден» дәм татып және де қазақтың киіз үйлері жанындағы әрбір ұжымның ұйымдастырған көрмелерін және тұсау кесер, беташар бойынша көрсеткен көріністерін тамашалады. Сонымен қатар Бесарық балалар Өнер мектебінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, мерекелік іс-шарада халқымыздың ұлттық әндері айтылып, билер ұйымдастырылып, спорттық жарыстар өткізілді. Шараға 120 адам қатысты.

