Ұлттық ойын – халық мұрасы

20.03.2025 Выкл. Автор editor
Ұлттық ойын – халық мұрасы

20 наурыз күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының  ұйымдастыруымен  Руханият орталығында  «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты спорттық сайыс  өткізілді.  Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, теңге алу, арқан тартыс ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу. Шараға Асқан атындағы «Зерек» орта мектебінің 6 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.   Балалар қол күреске қатысып, теңге ілу ойынын ойнады, асық ойнап, ханталапайға таласып, арқан тартысып, күштерін сынасты. Жеңіске жеткендер ақшалай сыйлыққа ие болды. Өнерпаз оқушылардың домбырамен тартқан күйін тыңдады.  Шара соңында балалар кітапханасының меңгерушісі М.Жиенбаева қатысушыларды Наурыз мейрамымен құттықтап, шараны қорытындылады. Және балалар  кітапхана ішіне  экскурция жасап, кітап көрмелерімен танысты. Шараға 25 адам қатысты.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02HyjPm2KiRxZjjbTZ7ETJabGfANTGza3KsT4nHu3WvcfKfbypc15Z9b9dBBecERFdl&id=100010897337199&__cft__[0]=AZWMIMwQivX0viLPK40PGJISdcNorWoHwLIfYzDY_Itk-WkAijvUHZN0EnYyk13fxddyFeO5UiwL5IR8LMfzkqVdj3BpYSp30FBG8MVUGYxYBTn40V_cqUZRCb3JNFAMcqddxCh7fMtvI7hyFjF9PC44yCldBQ6FhSCLyGzA3HHyTw&__tn__=%2CO%2CP-R