Кітаптар қалашығына саяхат
02.04.2025
2025 жылдың 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні қарсаңында Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен N55 С.Қожанов атындағы мектептің кітапханасымен бірлесіп “Кітаптар қалашығына саяхат” атты ертеңгілік өткізді.
Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту.
Іс-шара барысында оқушылар кітап жайлы жазған ақындардың өлеңдерінен әдеби монтаж қойып, жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтып, оқыған ертегілері жайлы әңгімелеп берді. Мектеп кітапханашысы жаңа кітаптар көрмесіне шолу жасады.Бірлік ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Х.Андерсеннің кітаптарымен таныстырып, “Ұйқыдағы ару”, “Түйме қыз”, “Ұсқынсыз үйрек” ертегілеріне шолу жасады. Мектеп тәлімгері К.Искакова қатысушыларды мерекемен құттықтап, шараны қорытындылады.
Қатысқандар саны: 33
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2422255168135426&set=pcb.2422255378135405

