Кітап ғажайып-әлем
03.04.2025
2025 жылдың 3 сәуір күні Манап ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір –Халықаралық балалар кітабы күніне арналған «Кітап ғажайып-әлем» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулығын күтіп үстауға үйрету.
Шараға № 160 орта мектебінің 3сынып оқушылары қатыстырылды. Шарада кітап әлемі туралы мәлімет берілді. Кітапхана оқырмандары өздерінің оқыған ертегілерінен үзінді айтып кітап оқуға шақырды. Г.Қуагышқызы «Шатақ қыздың шатпақ күнделігі» туралы әңгімесін оқыды. А.Әбдіманап «Балаларға базарлық» кітабынан мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар туралы айтып өтті. А.Ыбырай «Дудар қыз» ертегісінен мәлімет беріп өтті. Оқушылар мақал-мәтелдер, ертегілер, кітап, салт-дәстүр туралы сұрақтарға жауап беріп, сынып жетекшісі Г.Тұрсынбаева оқырмандарға кітапханаға келіп кітап оқып, білімдерін дамытуға кеңес берді.
https://www.facebook.com/share/p/19rFp35QKc/

