Өнерін өнеге еткен Нұрғиса
07.04.2025
Өзгент ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен ҚСР-нің халық әртісі, күйші, композитор, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтың 100 жыл толуына орай «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса» атты аудандық күйшілер байқауы өткізілді.
Мақсаты: Күй өнерінің шебері, композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұлттық өнерді дәріптеу, жас ұрпақты күй өнеріне баулу және дарынды күйшілерді анықтау.
Байқауға 10 үміткер қатысты. Қожакент ауылының сүйемелдеушісі Ф.Бакиров, ардагерлер кеңесінің мүшесі Ш.Исаханова, №224 мектеп тәлімгері Г.Досанова әділ қазылық етті.
Бас жүлде Т.Бақытжан (Төменарық ауылынан) Ж.Төлеген 1орын (Қыркеңсе ауылы) Р.Бисенбай 2 орын (Түгіскен ауылы) Ж.Нұрсұлтанұлы 3 орын (М.Нәлібаев). Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Шараға 50 адам қатысты.
https://www.facebook.com/share/p/1BFsaswfUK/

