Қазақ поэзиясындағы алып тұлға
18.04.2025
2025 жылдың 18 сәуір күні Руханият орталығындағы А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапханада ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясындағы алып тұлға» атты тағылымды кеш болып өтті.
Мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту.
Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау.
Кеш барысында оқушылар күмбірлетіп күй орындап, ақын өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп айтса, М.Көкенов атындағы шығармашылық мектебінің жетекшісі У.Ибрагимов ақынның әсем әндерін орындап, көрермендерді серпілтті. Кеш соңында шараға қатысушылар Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін айтып, естелікке суретке түсті.
«Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі»- деп кітапханашы М.Кадирбергенова кешті қорытындылады.
https://www.facebook.com/share/p/14xMUBwGTSq/

