Абай мұрасы –халық ұлағаты
19.04.2025
Жаңақорған ауданы №1 кенттік кітапханасы ақын, композитор, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай мұрасы –халық ұлағаты» әдеби оқу шарасын ұйымдастырды.
Мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен шығармашылығын оқушыларға кеңінен таныту, оның рухани-адамгершілік мұрасын дәріптеу. Оқушыларды өнерге, білімге, сөз қадірін түсінуге баулу, ұлттық рух пен патриоттық сезімдерін арттыру.
Шара барысында кітапханашы Әсем Сағатқызы ақынның өмір жолына тоқталып, әр өлеңдеріне түсінік берді. Сондай-ақ кітапхана оқырманы Бейбіт Салтанат Абайдың «Күз» өлеңін, №289 мектептің 7 «А» сынып оқушылары Әшім Інжу «Ғылым таппай мақтанба» Серік Айдай «Қыс» Асылай Нұржанқызы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» және №163 мектептің 3 «Д» сынып оқушылары Д. Есенгелді, Е. Зұлпыхар, М. Өмірхожа, К. Дүйсенәлі, А. Жиренбай, Д. Мырзахан, А. Қалжан, Нұрлан Жания және Нұрлан Сания Абай өлеңдерін жатқа айтты. Абай мұрасын дәріптеп, жатқа оқыған оқушыларға кітапханашы жылы лебізін арнап, алғысын жеткізді.

