Бір ел – бір кітап

30.04.2025 Выкл. Автор editor
Бір ел – бір кітап

2025 жылы 30 сәуір күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Руханият орталығында орналасқан А.Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапханада №286 орта мектептің ұйымдастыруымен ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың «Ақбозат» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясы болып өтті.

Конференцияның мақсаты – жазушының шығармашылығын насихаттау, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетіне тәрбиелеу.

Шара барысында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ж.Аюпова шараны ашып, қаламгердің шығармашылығына тоқталып, «Дара дарын иесі» тақыбырыбында жасақталған кітап көрмесімен таныстырды.

Оқырмандар шығармадағы қазақ ауылының тарихы, адамдар, тұлпарлар тағдыры, тарихи-әлеуметтік, қоғамдық шындық жайлы сюжеттерге, кейіпкерлер образына тоқталды.

Ақбоз ат тағдыры, оны адам тағдырымен сабақтастығы,  сонда бір ғана тұлпардың төңірегіндегі оқиғалар тереңдей келе қомақты қоғамдық, әлеуметтік мәселелердің көтерілуіне мұрындық болады деп түйіндеп, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі С.Шерімбетова шараны қорытындылады.

https://www.facebook.com/share/p/12JUnsXKJXQ/