Кітап – досым, ақылшым

16.04.2025 Выкл. Автор editor
Кітап – досым, ақылшым

16 сәуір күні  Руханият орталығында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен “Кітап – досым, ақылшым” атты кітап көрме-инсталяциясы жасақталып, оқырмандарға таныстырылды. Мақсаты: оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу, кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайту. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Көрмеде  балалар кітаптан жасалған киіз үй мен кірпі, «Кітап оқитын уақыт», «Оқу – теңіз, білім – қайық», Кітап Ханшайымы, Оқымысты адам, «Кітап жауыны» кітап-инсталяцияларымен қатар, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы жазушы  І.Есенберлиннің шығармалары, «Қайталанбас дауыстар» атты Сыр саңлақтарының антологиясы,  «Абайтану әліппесі»  атты интерактивті- электронды кітабымен және тағы да басқа балаларға арналған әдебиеттермен танысты.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02aBPsRvLzwnzUtWQ3Mc5gREHkSwbh84F4mon4pEb1zfDHs4WUKjv6ZUa9JMwXp95Dl&id=100010897337199&__cft__[0]=AZUcd0Gc54fL_HNOMdczFgvl8VUblF3r2yt61FddUye0sBq2hUyraOb0HCljmaopb0knxCEklKXBSlYhgF5gmFThdumKKnRhIkR-I8OWxD-4wnBPAOqQuyirUAkETd-01XVYJFpOpxVw0nIfGl0eAysOE0Izv10God2ChRSXzkl0FfYisxjLMVt-DIDA0ArQBIA&__tn__=%2CO%2CP-R