Кітап сарқылмас рухани қазына

17.04.2025 Выкл. Автор editor
Кітап сарқылмас рухани қазына

2025 жылдың 17 сәуір күні М.Нәлібаев ауылдық кітапханасында 23 сәуір – ұлттық кітап күніне орай «Кітап сарқылмас рухани қазына» атты тақырыптық кеш өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Кітапқа деген  қызығушылықты арттыру, кітап оқуға баулу. Әлем және қазақ әдебиетінің үздік туындыларын насихаттау.

Кешті Ж.Дүкенбаева ашып, кітаптың адам өміріндегі орны мен мәні туралы баяндама жасады. Содан соң бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар ақын-жазушылардың кітап туралы өлеңдерін жатқа  оқыды. Кітапханашы жаңа түскен кітаптар көрмесін таныстырды. Шағын викториналық сұрақтар қойылып, белсенді қатысушылар марапатталды. Кеш соңында кітаптың адам өміріндегі орны мен оның сарқылмас рухани қазына екендігі туралы қорытынды сөз айтылды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02aHWHe85Qf3vMAvEnP5Lf9ZLH134vSGtpc3asptu2Svy8AEV6ka1nUPtznRB5oUFGl&id=100057956289747&mibextid=Nif5oz