Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

23.04.2025 Выкл. Автор editor
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

2025 жылдың 23 сәуір күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күні аясында Бірлік ауылдық клуб үйінде Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай  “Абай сөзі – қазақтың бойтұмары ” атты Абай оқуларының байқауы өтті.

Абай оқуларының негізгі мақсаты: мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай шығармаларын насихаттау, жас өрендерімізді кітап оқуға баулу. Шара барысында «Кітап жан азығы, өмір қазығы», «Абай ойының ұлылығы» – атты кең көлемде кітап көрмелері жасақталып, таныстырылды. Байқауға  “Жалын”, “Айбын”, “Алау”, ” Мәңгі жас Абай” атты топтар қатысты. Байқауда ереже бойынша  үміткерлер Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыбындағы поэзиялық шығармасы мен қара сөзін мәнерлеп оқудан, Абай өмірінен, «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен  сахналық  қойылымдар көрсетуден, Абайдың шет тілінен аударылған өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан және әндерін нақышына келтіріп орындаудан  бойынша бақ сынасты. Қазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді таңдау және оқу, әнді орындауы мен актерлік шеберліктеріне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне, киім үлгісіне және сахна мәдениетіне баса назар аударды. Нәтижесінде бас жүлдені «Жалын», І орынды «Айбын», ІІ орынды «Алау», ІІІ орынды «Мәңгі Абай» топтары иеленді. Қатысқан жеңімпаздарға  дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Топты жарып шыққан жеке дара  оқушыларымызға 5түрлі номинация бойынша дипломдар мен ақшалай сыйлықтар иеленді.  Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Осы шарамыздың өтуіне қолдау білдіріп, демеушілік жасаған ауылымыздағы “Бірлік тәттілері” ұжымының басшысы Жанар Сейітжаппарқызына, ауылымыздың  азаматы, кәсіпкер Бақыт Бексұлтанұлына шексіз алғысымызды білдіреміз.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2445046845856258&set=pcb.2445047195856223