Кітап алтын қазына
23.04.2025
2025 жылдың 23 сәуір күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен кітап мерекесіне орай «Кітап алтын қазына» атты әдеби лото өтті. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімдерін тереңдету, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Іс-шараны Қ.Айдосова ашып, кітаптың рухани құндылық ретіндегі маңызы туралы сөз сөйледі. Әдеби лотоның ережелері түсіндірілді. Қатысушыларға арнайы дайындалған карточкалар таратылды. Лото барысында кітап авторлары мен шығармалар атауы бойынша сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендер белгілерді жауып отырды. Ойын қызықты әрі тартысты өтті, балалар кітаптардан алған білімдерін ортаға салды. Әдеби лото оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, білімдерін толықтыруға үлкен серпін берді. Қатысушылар іс-шарадан ерекше әсер алды.

