Кітап қазына-білім бұлақ
23.04.2025
Байкенже ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 23 сәуір –Ұлттық кітап күніне орай «Кітап қазына-білім бұлақ» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынға «Зерек» және «Алғыр» атты екі топ қатысты. Ойыншыларға ойынның ережелері таныстырылып өтіп, әр топ өз топтарын таныстырумен өтті. Қатысушыларға кітап туралы ережелер, жасырын кітап мұқабасы жайлы мағлұмат беріліп «Кітап әлемі» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Ойын барысында сұрақ-жауап айдары, мақал-мәтел жарысы, жұмбақтар шешіліп тартысты өтті.
Мақсаты:оқырмандарды кітап оқуға тарту, авторлық құқықты қорғау мәселелерін түсіндіру және оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту.
шара соңында ойынға қатысушылар Алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар берілді. https://www.facebook.com/photo?fbid=2414762155563179&set=pcb.2414762415563153

