Алаштың астанасы Қызылорда

28.04.2025 Выкл. Автор editor
Алаштың астанасы Қызылорда

№1 кенттік кітапханасы 28 сәуір күні Daryn scholl мектебінің 4 «А» сынып оқушыларының қатысуымен Қызылорда қаласының Қазақ КСР-ның алғашқы астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «Алаштың астанасы Қызылорда» атты әдеби кеш ұйымдастырды.

Мақсаты: Қызылорда қаласының Қазақстан Республикасының астанасы мәртебесін алғанына 100 жыл толуына орай, қаланың тарихи рөлін, ұлттық санамыздағы орнын дәріптеу, жас ұрпаққа елжандылық, отаншылдық тәрбие беру, Алаш арыстарының қызметін насихаттау және Қызылорданың мәдени, әлеуметтік, саяси маңызын халыққа кеңінен таныту.

Кеш  еліміздің жүрек үні  Қазақстан республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Кітапханашы Әсем Сағатқызы  осыдан 100 бұрын астана  болған  Қызылорданың шығу тарихына кеңінен тоқталды. Сондай – ақ «тарих төріндегі  Қызылорда» атты бейнеролик көрсетілді. Ақмешіттің не себепті қазақ елінің астанасы болғаны жайлы сахналық қойылым  қойылды. Сынып оқушылары Қызылордаға арналған тақпақтарын жатқа айтса,  Нақып Раяна  Шики-Шики әнін тарту етті.  Мың бұралған биші қыздарымыз «Ойладың ба?» биін билеп, Ұлжан Молдабекова  «Қызылорда: Алаш рухы, ғасырлық жол» атты кітап көрмемен таныстырды. Мектеп директоры  Қызылорда – Алаштың астанасы ғана емес, жүрегіміздің төріндегі ордасы болып қала бермек деп шараны қортындылады. Кітапханашы  кешке қатысқан барлық оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.

https://www.facebook.com/share/p/18pk1TqYwW/