Балуан Шолақ

28.04.2025 Выкл. Автор editor
Балуан Шолақ

28 сәуір күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының  ұйымдастыруымен Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, қоғам қайраткері , жазушы Мұқанов Сәбиттің туғанына 125 жыл толуына орай №56 мектептің 9 «а» сынып оқушыларымен  Балуан Шолақ» романына талдау жасалынды. Мақсаты: Қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау.Сондай-ақ қазақ әдебиетін жастар арасында кеңінен дәріптеу.

Шара барысында кітапханашы Айнұр Саттарқызы Сәбит Мұқановтың өмір деректеріне тоқталып, «Балуан Шолақ» романының кіріспесіне тоқталып өтті. Талдау барысында романды оқушылар  үш бөлімге бөлдік.1) Кіріспе 2) Оқиғаның шиелінісуі 3) Оқиғаның шарықтау шегі .

Осы бөлімдер арқылы оқушылар өз ойларын айтып, палуандық пен өнерді ұштастыра білген Баймырзаұлы Нұрмағамбет яки Балуан Шолақ жайлы сөз етті. Оқушылар романды толық оқығанын білу мақсатында кітапханашы оқиғаны шиеліністіре отыра сұрақтар қойылды.

Талдау соңында кітапханашы «Қазақ әдебиетінің аға жазушысы» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кітап қорымыздағы кітаптарымен таныстырып, шығармашылығына тоқталды. Шараға 21 оқырман қатысты.

https://www.facebook.com/photo?fbid=2489474304759123&set=pcb.2489479181425302&locale=ru_RU