Балалар әдебиетінің күншуағы
02.05.2025
2 мамыр күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлем-ВООК» жобасы аясында балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың туғанына 87 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің күншуағы» мәнерлеп оқу өткізілді. Мақсаты: балаларға А.Сопыбековтың шығармаларын насихаттау, оқушыларымызды жерлес ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Шараға ақын атамыздың жары Шерімбетова Шәрипа апа отбасымен, Жаңақорған тынысы газетінің тілшісі Жамила Ермаханқызы, №56 мектептің 6 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі К.Жақыпова қатысты. Кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаева шараны ашып беріп, ақынның өмірбааянымен таныстырды, балалар ақынның өлеңдерінен мәнерлеп оқып берді, «Қыз бен бала айтысынан» үзінді көрсетті. «Балалар жүрегінің бағбаны» атты кітап көрмесімен кітапханашы А.Шарапова таныстырып, ақынның шығармашылығына тоқталып өтті. Адырбек атамыздың немересі Адырбеков Алихан «Менің әліппем», «Сурет салдым» өлеңдерін оқып берді. Кеш соңыңда Шарипа апаға сөз беріліп, ақынның жақсы қырларын баяндап, балаларға үлгі боларлық қасиеттерін айтып берді. Балалар да апаға өздерін қызықтырған сұрақтарын беріп, апа бәріне жауап беріп отырды. Шара соңында қонақтарға естелік сыйлықтар беріліп, қатысушыларға естелік ретінде А.Сопыбековтің «Ақбаян» кітабы тарқатылды. Шараға 20 адам қатысты.

