Жамбыл – әдебиеттің асқақ, дара туған өкілі

03.05.2025 Выкл. Автор editor
Жамбыл – әдебиеттің асқақ, дара туған өкілі

2025 жылдың 2 мамырында Руханият орталығында орналасқан А.Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 179 жыл толуына орай “Жамбыл – әдебиеттің асқақ, дара туған өкілі” атты поэзия кеші болып өтті. Кешті кітапханашы М.Кадирбергенова ашып, Ж.Жабаев туралы мәлімет жасады, бейнеролик қойылып, тақырып кеңінен түсіндірілді. №169 орта мектептің оқушылары Жамбыл атамыздың «Батыр туы», «Атаның әлдиі», «Балама хат», «Абайдың суреті» атты өлеңдерін нақышына келтіре орындап, ұстазы Ұ. Жаңатай кешті қорытындылады.

Мақсаты: жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

https://www.facebook.com/share/p/1DRvNaacv2/