Жамбыл жырдың жүрегі

02.05.2025 Выкл. Автор editor
Жамбыл жырдың жүрегі

2 мамыр күні Жаңақорған аудандық балалар  кітапханасының ұйымдастыруымен  Асхан атындағы «Зерек» орта мектебі бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысының 80 жылдық  мерейтойына арналған орай ақын Жамбыл Жабаевқа арналған «Жамбыл жырдың жүрегі»  мәнерлеп оқу марафоны өткізілді. Мақсаты: жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Шараға «Зерек» мектебінің 7 б сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Фариза Дәумен қатысты. Шара биші қыздардың «Шаттық» биімен басталып, жыр алыбы Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетілді. Балалар ақынның «Халық-менің шын атым»,  «Балама хат», «Өсиет»,  «Халық қазынасы»,  «Ленинградтық өренім»,  «Балаларға», «Жеңіс жырын сайраңдар» атты   өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. 7 сынып оқушысы Жомарт Мерей « Туған өлкем» әнін орындады. Шараны кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаева қорытындылап, қатысқан оқушыларға алғысын білдірді. Шараға 20 адам қатысты. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02GFwLFHB77xUAvdEDPDXFvLsRdP3wmzUvipF7BASqheESgAXSkh1Kb5ExrnFr7Va9l&id=100010897337199&__cft__[0]=AZUCCKtGlB0LLh9VjXXsXtMx4Oy3B8lqYPng13St_wUG9rj5NOFExq8XG_w7rg5JI4BKIYlgt4h_Jb32RU2ptj_2idh_EqMmHuPIQBOKAMJWkiWykr5N9SVwKaYVT7d4H527Kfc7_JXD3UTZcBnjPyetFjQNh4S0VYjAmlDPUi7UumFfibUOihTMYOOCHh5b_8l3haCLBkIGiuWo9IwBtaWfGmMlmW4AHJBLju9l60A&__tn__=%2CO%2CP-R