Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс

08.05.2025 Выкл. Автор editor
Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс

8 мамыр күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен “Daryn school” білім беру ЖШС-інің бірлесіп 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына орай “Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс” атты патриоттық кеш өткізілді.

Мақсаты: балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.  Шараны “Daryn school”  мектебінің ұстазы Н.Төлепберген жүргізді. 1 а сыныбы  «Синий платочек» биін билесе, 3 сынып оқушылары «Катюша биін биледі. 5 сынып оқушысы Абибулла Айару «Жеңіс дауысы» мнологын оқыды. 6 сынып оқушылары «Мен жауынгер» әнін хормен орындады. «Ел мен ердің жеңісі» атты кітап көрмесімен кітапханашы А.Шарап таныстырып, елі үшін жанын қиған батырларымыз туралы  жазылған кітаптармен  таныстырды. «Қазақстандық жауынгерлер» атты бейнеолик көрсетілді.  Шара соныңда балалар кітапханасының меңгерушісі М.Жиенбаева мен “Daryn school” білім беру ЖШС-нің директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Елшіманова Айнұр  балаларды Жеңіс мерекесімен құттықтап, шараны қорытындылады. Шараға 35 адам қатысты.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid031zEpbL6TL7gS9aiCjXV7AHBYahhkPizEHUWaDSLjS86sgEP22e5ntJRdVpWd42Kpl&id=100010897337199&__cft__[0]=AZXWiQES6o3L0qaEfRXE8Hn8G8nnemZFhPKnO1KXWQrJZWdlc67bVDbUxQ_9peXtvRD-2AfVK-TmsuVtuSSxOmet2CL-KE7OMpmN43qItN4aOqTDoCaWLFnhsAH-7Ui-WU6mTlsS14TzxB4uGFhDkb-eXW-faS6bfkXA7GkoXnRNna1GayuoxXZxKImbGpH_m0mUBmzEdZCpxMIti_NvSWtU_xLbH-T4sCqo7abYF7mIzQ&__tn__=%2CO%2CP-R