Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз
04.06.2025
Қандөз ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен 4 маусым-ҚР мемлекеттік рәміздерінің бекітілген күніне орай «Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат беру, олардың мәні мен маңызын түсіндіру, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрме барысында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны жайлы кітаптар, мақалалар мен фотоматериалдар қойылып, қатысушыларға таныстырылды. Кітапхана қызметкері рәміздердің шығу тарихы туралы қысқаша шолу жасап, оқырмандарды рәміздерге құрметпен қарауға шақырды.
Көрме өз деңгейінде өтті. Қатысушылар ұлттық рәміздердің маңызы жайлы терең ақпарат алып, сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/p/1GBKmUdyBL/

