Әке – отбасының тірегі

11.06.2025 Выкл. Автор editor
Әке – отбасының тірегі

Шалқия кенттік кітапханасының ұйымдастыруымен Әкелер күніне орай “Әке – отбасының тірегі” атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: отбасындағы әкенің рөлін дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіндегі орны мен маңызын түсіндіру, жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Іс-шараны кітапханашы М.Еркін ашып, әкенің отбасындағы рөлі, жауапкершілігі туралы қысқаша кіріспе жасады. Қатысушылар отбасылық тәрбие, ер адамның тұлғалық үлгісі, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас тақырыптарында өз ойларымен бөлісті. Сұхбат, пікір алмасу түрінде өткен дөңгелек үстелде қатысушылар арасында тәжірибе бөлісу, ұсыныстар айту сәттері де болды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар тақырыпқа белсенді араласып, әкенің отбасындағы маңыздылығы туралы терең ойларымен бөлісті.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1437510374265822&set=pcb.1437510717599121&__