Байқоңыр – ғарыш тарихы басталған жер

12.06.2025 Выкл. Автор editor
Байқоңыр – ғарыш тарихы басталған жер

2025 жылдың 12 маусым күні  Бірлік ауылдық кітапханасында Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай “Байқоңыр – ғарыш тарихы басталған жер” атты интеллектуалды сайыс өтті.

Мақсаты: ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш айлағы – Байқоңыр туралы жан-жақты мәлімет беру, өскелең ұрпақтың ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Шара барысында “Ғарыш – шексіз жол” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына ұсынылды.

Іс-шара барысында “Комета”, “Капелла” атты екі топтан құралған командалар ғарышкерлікке тарихи сапар жасап, адамның алғаш рет ғарышқа ұшуы туралы, ғарышты игеруге өз үлесін қосқан қазақстандық ғарышкерлер туралы ақпараттармен бөлісіп, “Тапқырлар, білгірлер”атты тақырыпта галактикадағы жаңалықтарға шолу жасап, слайд арқылы “Байқоңыр” ғарыш айлағы туралы қызықты деректермен таныстырды. Нәтижесінде 2 ұпаймен алға шыққан ” Комета” тобы жеңіске жетті.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2491031391257803&set=pcb.2491031677924441