Періштелердің өлімі
19.06.2025
2025 жылдың 19 маусым күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың “Періштелердің өлімі” кітабынан кітапқа талдау ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жергілікті жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың шығармаларын оқырмандарға таныстыру, “Періштелердің өлімі” романының мазмұнын ашу , насихаттау, оқырмандарды кітап оқуға баулу.
Шара барысыында слайд арқылы жазушыныңөмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар берілді. «Ұшқын» клубының мүшелері бүгінгі заманның ащы шындығын шұрайлы тілмен суреттей отырып, сан алуан тағдырлы адамдардың бейнесін сомдаған шығарма жайлы өз ойларын ортаға салып, талқылап пікірлерін білдірді.Тұрақты оқырманымыз Н.Қыпшақбаева Романда әр сәт құпияға, әр әрекет жұмбақ сырға, әр қадам күтпеген тосын сыйға толы екенін айтып, шығарманың басы ертегі сияқты басталғанымен сюжет құрылысы мен бейнелілігі триллерге ұқсайтынын, жаныңды сыздатқан жараға тұз себетін сондай мұңлы шағарма екенін атап өтті. Сондай-ақ шарада шығарма кейіпкерлері жылан уы саудасымен айналысатын Ахмет бейнесі, ауылдан келген аңғал Шертай мен Байшұбар, Ералы бейнелері жайлы қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2496868857340723&set=pcb.2496868877340721

