Руханият

03.07.2025 Выкл. Автор editor
Руханият

А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Руханият» орталығының оқу залында, «Әлем-ВООK» мүшелерінің қатысуымен «Әлем-ВООK» жобасы аясында, жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің 80 жасқа толуына орай «Періштелердің өлімі» шығармасына оқырмандар конференциясы болып өтті.

Оқырмандар жазушының шығармасын толығымен оқып барлығы өз ойларын ортаға салып, талқылады. Кітапхананың тұрақты оқырманы Ә.Мырзахметова шығарманы басынан баяндап берсе, ал кітап құмар клубының  ұйымдастырушысы М. Баймаханова шығарманың өрбуіне қанат бітірді, ал Б.Әбшенова мен Н.Нұрланұлы шығарманың жалпы мазмұнын айтып, қорытындылады.

«Әлем-ВООK» мүшелері Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Періштелердің өлімі» шығармасын толыққанды талқылап, бір-бірімен пікір алмасты.

Жалпы шығарманың қысқаша мазмұны бүгінгі заманның ащы шындығын шұрайлы тілмен суреттей отырып, сан-алуан тағдырлы адамдардың көркем бейнесін сомдайды.

https://static.xx.fbcdn.net/rsrc.php/v4/y5/r/qop9rFQ_Ys1.png