Абай елі: заң мен әділет кеңістігі
14.07.2025
14 шілде күні Руханият орталығының мәжіліс залында А.Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапхана мен Жаңақорған аудандық прокуратурамен бірлесе Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай елі: заң мен әділет кеңістігі» атты кең көлемде іс-шара болып өтті.
Көрменің басы Абайдың балалық шағының куәсі Зере әжесімен бірге өткен сәттерінен үзіндіні кітапханамыздың тұрақты оқырманы, «Әлем-ВООК» мүшесі Әйгерім Мырзахметова баяндаса, «Қум сахаба» мешітінің имамы Қалдыбай Баубек Ертасұлы Абайдың медресседен білім алып жүрген сәттерінен үзінді көрсетіп, көпшілік көңілінен ерекше орын алды. Ұстаз шәкірттер арасынан Абайды ерекшелеп құран аятынан үзінді оқытты.
Абай Құнанбайұлы шығармашылығының ішінде мазмұны мен көркемдік бітімі жағынан ерекшеленіп тұратын туындылары көп, соның ішінде жылдың төрт мезгілін бейнелейтін өлеңдер циклі-қазақ поэзиясындағы көркем табиғат лирикасының шыңы. Осы төрт мезгілге арнайы шығарған өлеңдерінің шығу тарихына кітапхана оқырманы «Әлем-ВООК» мүшесі Әбшенова Береке толығымен тоқталып өтті.
«Қалың елім, қазағым..» және «Адам деген даңқым бар» атты кітаптарынан, кітапханада өткен шараларға белсене қатысып, Республикаға танылып жүрген оқырмандар Қалдыбек Раяна мен Оразбек Бақдаулет өлеңдерін нақышына келтіре орындады.
Абайдың қарасөздері- ұлттың рухани көсемі қалдырған асыл мұра. Қарасөзбен жазудағы мақсаты, халқына пайдалы нәрсе айту, ақыл-кеңес беру, жамандық пен надандықтан арылуға шақыру екенін айтады. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы, «Әлем-ВООК» мүшесі Самал Әбілхайырқызы осы қарасөздің шығу тарихы мен бірнеше қарасөздеріне тоқталып өтті.
Іс-шарада Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінен караоке қойылып, көпшілік өлең айтып бір серпіліп қалды. Кітапхана қорындағы Абай Құнанбайұлының кітаптары және Абайға арнап жазылған кітаптар мен нақыл сөздер көрмеге қойылып, кітапханашы Замира Садықова таныстырды, ал Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-і нің Жаңақорған ауданы бойынша тіл оқытушысы Төлепбергенова Айгүл Абай Құнанбайұлының өмірінен жасанды интеллект арқылы сұрақ-жауап ойынын ұйымдастырып, қатысушы қауымның көрмеден алған мағлұматын қорытындылады.
Кең көлемді, ауқымы кең жан-жақты қамтылған іс-шараның соңы дөңгелек үстелмен қорытындыланды. Дөңгелек үстелді А. Сопыбеков атындағы кітапхана директоры Әсем Манапқызы ашып беріп, Жаңақорған аудандық прокуратурасының аға прокуроры Берік Байысбаев және прокурор Серікбай Сейтмахан Сермұхаммедұлы және Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов, «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы Б.Үсейінова, Жастар қоғамдық қорының директоры Н.Орынбасаров, «Қум сахаба» мешітінің имамы Қалдыбай Баубек Ертасұлы Абай Құнанбайұлы туралы мәліметтермен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.
Шара соңын мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының уақытша міндетін атқарушы Ж. Шертекова ұйымдастырушыларға рахметін айтып, осындай игі шаралар жалғасын таба берсін деп, жүрек жарды ыстық ықыласын білдірді.
https://www.facebook.com/share/v/1DtXxebRnA/

