Салауаттылық – өмір салтымыз, сергектік – өмір қалпымыз
15.07.2025
2025 жылдың 15 шілдесі күні Руханият орталығында орналасқан А.Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапханада жаратылыстану және медицина туралы әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Салауаттылық – өмір салтымыз, сергектік – өмір қалпымыз» тақырыбында көпшілік оқырмандардың қатысуымен ақпараттық сағат болып өтті.
Шара барысында кітапханашы денсаулықтың басты міндеті – салауатты өмір салтын ұстану тақырыбында кітапханашы З.Садықова баяндама жасаса, Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің дәрігері Сақтағанов Талғат мырза салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі принциптері жайында маңызды ақпарат берді.
Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне,
адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге, салауаттылыққа дағдыландыру.
Шараға 35 адам қатысты.
https://www.facebook.com/100013770165823/videos/1072466887707926/

