Салауатты өмір – денсаулық кепілі
15.07.2025
15 шілде күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы «Тау Самалы» тынығу лагерімен бірлесе жас ұрпақты салауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» атты эстафеталық ойын өткізілді.
Мақсаты: балаларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Күш, жылдамдық ептілік, қасиеттерін дамту.
Шара барысында аға тәрбиеші Ыдырысов Дархан сөз алып, ойынға қатысатын командалармен таныстырып өтті. Эстафеталық ойынды ашып беру үшін сөз кітапханашы Айнұр Саттарқызына берілді. Ойын барысында 3 команда ( Достық,Атамекен, Айгөлек) сайысқа түсті. Сайыс 5 кезең бойынша өткізілді. Осы кезеңдер бойынша өздерінің шапшаңдықтарын, ептіліктерін көрсеткен Атамекен тобы 1 орынды қанжығаларына байлады. Өздерінің осал еместіктерн көрсеткен Достық тобы 2 орын, Айгөлек тобы 3 орын алды. Барлық топтар кітапхана басшысының дипломдарымен марапатталып, сый-сияпат көрсетілді. ойында жетістікке жету үшін балалар, қара күшпен қатар топ қозғалысындағы біріңғайлық пен ұйымшылдықтарын көрсетті.
Шара соңында Салауатты өмір салтын қолдаймыз
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз
Денсаулықты жанмызға серік қып
Болашаққа аманат қып жолдаймыз! –деп балалар ұран етіп, лагерь ұжымы алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсірілді.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2556705338036019&set=pcb.2556717198034833&locale=ru_RU

