МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

17.07.2025 Выкл. Автор editor
МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

2025 жылдың 17шілде күні Жаңақорған ауданы қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Бірлік ауылында «МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ» жылжымалы жастар жәрмеңкесі өткізілді. Шара аясында Бірлік ауылдық кітапханасы “Кітап сыйла” акциясын ұйымдастырды. Акцияға ауыл жастары қатысып, өздері оқыған кітаптарын кітапханаға сыйға тартты.

Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ сінің жастар ісі жөніндегі маманы Исматова Арайлым шара барысында өзінің оқыған кітаптары жайлы пікір білдіріп, жастарды кітап оқуға шақырды.

Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында бұл ұйымдастырылған акция барысында кітапханаға бірнеше кітап сыйға тартылды. Атап айтатын болсақ кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Д. Өтен, М.Оспанов, М.Айтуғанова, С.Әбдіғаппаров, М.Дәрменовалар « Абайдың қара сөздері»,З. Ахметова «Шуақты күндер»,  А.Баешов «Өнегелі өмір», Ш.Мұртаза «Ай мен Айша», Е Тұрысов «Шығыстың шың ұлдары», Ш.Әшімұлы «Бегайым», Е. Төрехожаев «Аққорған» және     С.Керімбайдың  « Қуыскеуде», «Өзбекәлі және мәдени майдан», «Бейсен және болмыс» атты кітаптарын сыйға тартты.

https://www.facebook.com/photo?fbid=2522688834758725&set=pcb.2522689134758695