100 кітап
19.07.2025
«100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасын насихаттау мақсатында А.Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында көпшілікке «100 кітап» ұлттық сауалнамасының маңызы мен мақсаттары жайында түсіндіріліп, бұл бастаманың ұлттық руханиятты жаңғыртудағы орны ерекше екені түсіндірілді.
Қатысушылар өз тараптарынан еGOV мобильдік қосымшасы арқылы дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Сауалнаманың басты мақсаты – қазақстандық жазушылардың шығармаларын насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру және баспа ісін қолдау. Бұл халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, отандық әдебиетті дамытуға үлес қосады.
https://www.facebook.com/share/v/1A3ibU5Gw4/

